«Экологиялық факультет» атты байқау жарияланды

15.10.2012

Көрулер: 2322

ҚазҰУ «Green Campus» жобасы негізінде факультеттер арасында «Green Campus»жобасының студенттер қозғалысы негізінде Тәрбие жұмыстары бойынша Департаменттің және энергоэкология халықаралық кафедраның демеуімен «Экологиялық факультет» атты байқау жарияланады. Байқау өз ішіне бірнеше сатыларды біріктіреді:

- Макулатураны жинастыру

- Веложүріске қатысу

- Қоқыстары жоқ ең таза факультет

- Электрқуатын үнемдейміз

- Су – тіршілік көзі. Тіршілікті босқа құртпаңыздар

- Темек шекпейтін факультет

- Ең экоинициативті факультет

- Ең жасыл факультет

Бірінші этапта жаппай макулатура жинақталуы қажет.

Әрбір факультетке нөмірленген арнайы мөшектер беріледі. Факультетте апта бойына артық қағазды жинастыратын түрлі акциялар жүргізіледі және 20 қазан күні 12.00 конкурс аяқталады. Барлық мөшектер таразыға салынып, берілген байқаудың нәтижелері 24 қазан Студенттер сарайында жарияланады.

Байқау аяқталғаннан кейін жүлдегерлер алынған дипломдарының (бонустарының) жинақталуы бойынша анықталады және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Әділ-қазылар алқасы болып «Greеn Campus» жобасының әріптестері: Казахстан Kagazy, ОФ «ЭкоИДЕЯ», Globul Classroom қатысады.