Ең алғашқы велотұрақ!

13.10.2012

Көрулер: 2665

Бүгін университетіміздің студенттік өмірінде ерекше оқиға орын алды. Университет қалашығында студенттерге арналған тұрақта өндірістік және мәдени-тұрмыстық департаментімен алғашқы велотұрақ орнатылды. Бірінші велотұрақтардың сыйымдылығы – 8 велосипедті қамтиды. Дегенмен, сұраныстың артуына қарай, «Грин кампус» жобасының аясында олардың санының әлі көбейетіндігіне департамент директоры М.С.Нұрғазин кепілдік беріп отыр.


Велосипед – бүгінде қатынау құралы, өмір стилі және табиғатқа деген жанашырлық көрінісінің көлігі. Сонымен қатар, көліктің бұл түрі мегаполистегі көлік кептелісінің алдын алуы болып табылады. Соңғы уақытта жастардың көбі бұл көліктің бар тиімділігін аңғарып, оны қолданысқа көптеп енгізуде. Алайда, велосипедтерге арналған арнайы тұрақтардың болмауы олардың кеңінен қолданылуына мүмкіндік бермей отыр. Осы себептен, ҚазҰУ студенттерінің жобалары осындай мәселелерге бағытталып, өз жалғасын табуда!

ҚазҰУ-дың жастар ұйымдары комитеті