Көңілді таң!

12.10.2012

Көрулер: 2324

«Дені сау тән мәдениеті» бағдарламасының аясында, бүгін 12 қазан күні таңғы сағат 07.30-да Республика сарайының алдында өткізілген жаппай таңғы жаттығуға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білімгерлері қатысты.


Алматы қаласы Әкімдігі Жастар саясаты басқармасы және Студенттер Альянсының ұйымдастыруымен өткен таңғы жаппай жаттығуға қаланың көптеген ЖОО-ның студенттері қатысса, оның 300 студенті қазұулық болды. Таңды қалай қарсы алсаң, күнді солай өткізесің! Көтеріңкі көңіл-күйдің жаршысы болған жаттығу барлық қатысушыларға белсенді энергетика сыйлады.

ҚазҰУ-дың жастар ұйымдары комитеті