Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына орай байқау жарияланды

12.10.2012

Көрулер: 2512

Қазақ КСР-і Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, А.А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқау жариялайды.


Байқау жеңімпаздарына жазушының отбасы атынан екі номинация бойынша ақшалай сыйлық беріледі.

Номинациялар:

1. Ә. Нұршайықов туралы көркем эссе

2. Ә. Нұршайықовтың шығармашылық әлемі туралы әдеби сын

Жүлде алған шығармалар газетке жарияланады.

Ниет білдірушілер 2012 жылы 26 қарашада сағат 11:10-12:25 аралығында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде 312-дәрісханада шығарма жазады.

Байқауға қатысу үшін студенттер филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасына келіп тіркелу қажет.

Байқауға қаламгердің еңбектерін сүйіп оқитын барлық студенттер қатыса алады.

ЖОО дейінгі білім беру факультеті.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы

білім беру дайындығы кафедрасы