Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған іс-шара өтті

12.10.2012

Көрулер: 2509

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам»,-деген болатын. Кемеңгер тұлғаның қазақ ұлтының сахнасында қалдырған ізі мен ел жүрегінде жатталған жылы бейнесі, көрегендігі мен ұлттық мүддені қырандай күзеткен болмысы бүгінде үлкен үлгіге айналған. Кемеңгер тұлғаның 100 жылдық мерей тойына орай Д.А.Қонаев оқулары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Д.А. Қонаев мұражайының ұйымдастыруымен «Елу жыл Ел ағасы» атты іс-шара өтті.


Іс-шараның мақсаты Д.А.Қонаевтың өмір жолын, еңбектерін үлгі ету, тереңірек танып – білуге насихаттау, оның еңбектерін жан-жақты зерттеп, жаңа деректер мен жаңа мағлұмат алу. Биология және биотехнология факультетінің үлкен залында өткен шараға тек факультет студенттері ғана емес, өзге де факультет студенттері қатысты.

«Елу жыл Ел ағасы» атты мәдени шара салтанатты түрде ашылғаннан кейін Д.А.Қонаев мұражайының ғылыми қызметкері Жүсіпбекова Нүрила экскурция өткізді, одан кейін әріптесі, бұрынғы мәдениет министрі Жексембек Еркінбекұлы студенттер мен ұстаздар алдында сөз сөйледі. Көрермендерге арналып осы күні Д.А.Қонаев жайында «Испытание времением» атты деректі фильм көрсетілді. Ал, Биология және биотехнология факультеті ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстаржөніндегідеканныңорынбасары, б.ғ.к., доцент ЕсимсиитоваЗура келген қонаққа арнайы кітап табыстады. Және мәдени шара соңында викториналық ойындар өткізілді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент