14 қазан күні профессор Йоганн Раудың дәрісі өтеді

11.10.2012

Көрулер: 2059

Құрметті ұстаздар және PhD докторанттар, магистранттар мен студенттер!

Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен 2012 ж. қазан айының 14 күні сағат 11.00-де, №19 аудиторияда философия докторы, Германия Федеративтік Республикасы Бундесвер жетекші мамандарының Академиясы жанындағы халықаралық қауіпсіздік бойынша ғылыми форумның мүшесі, профессор Йоганн Рау «Заманауи саясат философиясының өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша лидерлік дәріс оқиды.

Қызығушылық білдіретін ұстаздар мен студенттердің баршасына есік ашық.