Жастар жақсы кітапханаға асығуда

10.10.2012

Көрулер: 2185

2012 жылдың 10 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа кітапханасының ғимаратында «Көмек» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен «Жақсы кітапхана – асыл қазына» атты акция өтуде. Іс-шараның басты мақсаты университеттегі әлеуметтік жаңғыруды студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі арқылы арттыру, сонымен қатар кітапқа деген құрметті жастар бойында тәрбиелеу болып табылады.


Ұйымдастырушылардың айтуынша: «Білім берудің жаңғыруы Қазақстанның әлеуметтік саясатының жаңа бағыты болып табылады». ҚазҰУ студенттері мемлекеттің жаңғыруында, оның экономикалық, әлеуметтік, саяси ортадағы үдемелі қайта құрылуында маңызды роль атқаруы керек. Сонымен қатар, мемлекеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы – жастардың негізгі міндеті. «Көмек» еріктілер қозғалысы университетімізде әлеуметтік жаңғыру бағытында қызмет ететін бірден-бір студенттік ұйым болып табылады.

Әлеуметтік жаңғыру әр адамнан басталады! Барлығыңызды Жаңа кітапханаға көмекке шақырамыз!