«Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

09.10.2012

Көрулер: 3062

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2012 жылдың 12 қазан күні «Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияда ғалымның шығармашылығы мен ғылыми зерттеулерінің басты бағыттарына қатысты қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің, оларды жоғары мектепте оқытудың әдістемелік мәселелері қаралады.

Конференцияға алыс-жақын шетелдерден әдебиеттанушы ғалымдар, белгілі жазушылар, жоғары мектептің оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар, студенттер шақырылады.

Конференция жұмысы мынадай бағыттар бойынша өтеді:

  1. Т. Кәкішұлы және қазақ әдебиеті тарихын зерттеу мәселелері.
  2. Т. Кәкішұлы зерттеулеріндегі дәстүр және жаңашыл ізденістер.
  3. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетін зерттеудің методологиялық және ғылыми-теориялық негіздері.
  4. Әдебиеттану ілімін жоғары мектепте оқытудың өзекті мәселелері.

Конференция 2012 жылдың 12 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үлкен Мәжіліс залында (Ректорат, 15 қабат) сағат 10.00-де басталады.