Мемлекеттік тіл болашағымыз

08.10.2012

Көрулер: 1756

Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Жастарымыздың қазағының қазынасы болған қазақ тіліне деген құрметі қашанда биік. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті Н.З. Ахтаева мен аға оқытушысы А.Т. Мамурованың ұйымдастыруымен «Тілдер мерекесіне» арналған №7 жатаханада «Мемлекеттік тіл болашағымыз», «Тілдер достығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында қазақ тілінің өткені, қазіргісі және келешегіне деген алаңдаушылықпен қарайтын патриот жастар өз ойларын ортаға салды. «Кешегі және бүгінгі қазақ тілі қандай? Болашақта қандай болмақ?» - деген көкейтесті сұрақтарды қамтыған бұл дөңгелек үстелде ел ертеңіне жанашырлықпен қарайтын талай жастардың бар екеніне көз жеткіздік. Мәселен, «мен өзімді қалай сүйсем, қазақ тілінде солай сүйемін» - деп өзінің мемлекеттік тілге деген шексіз махаббатын өлең жолдарымен жеткізген ұлтын сүйген ұлт баласы Тастанбек Қуаныштың есімін ерекше атап өтпеске болмайды. Осындай халқым, ұлтым дейтін ұл- қыздарымыздың болғанына әрдайым мақтанамыз. Ел келешегі – елім дейтін жастар қолында! Ендеше, «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп бабаларымыз айтқандай өз тіліміздің тұғырын әрқашанда биікте ұстайық!

Биология және биотехнология факультеті