«РЕКТОР КУБОГІ» жеңімпаздары марапатталды

08.10.2012

Көрулер: 2264

6 қазан күні ҚазҰУ-дың бірінші курс студенттері арасында өткізілген «РЕКТОР КУБОГІ» жарыстарының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов, дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі А.И.Арещенко, ҚазҰУ спорт кешенінің қызметкерлері, факультет декандары және ұстаздар мен студенттер қатысты. Рәсімде алғашқылардың бірі болып сөз алған ҚазҰУ ректоры, дзю-до және самбо күресінен спорт шебері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Академик Ғ.Мұтанов: «Бәсекеге қабілетті маман даярлауда жастарымыздың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануы маңызды рөлге ие. Сондықтан да дәстүрге айналған жарыстың мақсаты бірінші курс студенттерін бірінші күннен бастап салауатты өмір салтына үйрету және жас толқынға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу», - деп атап өтті. Сондай-ақ ректор университет қабырғасында өткізіліп жатқан шаралар тек болашаққа апарар жол екендігін айтты. Сонымен қатар салтанатты шарада бірінші курс студенттерінің құрама командалары арасында футболдан финалдық матч, би және степ-аэробикасы топтарының көрсетілімдері және спорт мектептері оқушылары қатысуымен акробатикалық қойылым қойылды.

Кезекті «РЕКТОР КУБОГІ» бағдарламасы бойынша бірінші курстар арасында үстел теннисі, стритбол, бадминтон және шахмат ойындарынан I, II, III орын алған факультеттер марапатталды.

«РЕКТОР КУБОГІ» бағдарламасы бойынша бірінші курстар арасында өткен жарыстан орын алған факультеттер тізімі

Үстел теннисі ойынынан:

I биология және биотехнология факультеті;

II шығыстану факультеті;

III халықаралық қатынастар факультеті;

Стритбол ойынынан:

I орын механика-математика факультеті;

II орын физика-техникалық;

III орын экономика және бизнес жоғары мектебі;

Бадминтон ойыны бойынша:

I биология және биотехнология;

II физика-техникалық;

III журналистика;

Шахмат ойыны бойынша:

I философия және саясаттану;

II механика-математика;

III география және табиғатты пайдалану.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі