Тіл – халық жанын танудың кілті

02.10.2012

Көрулер: 2229

28 қыркүйек жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Бір аптаға созылған фестивальге туған тілдің тұнықтығын сақтаған, бірнеше тілді жетік меңгерген, жүзден жүйрік озып шыққан білікті де білімді жастар мен университет қызметкерлері қатысты. Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева фестиваль жеңімпаздарын дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапаттап, «Тілдер» фестивалін өткізуге ат салысқан барлық оқытушы-профессорлар құрамына ризашылығын білдірді.

«Тілдер» фестивалінің жеңімпаздары:

«Мемлекеттік тіл және мемлекеттік рәміздер» байқауының жеңімпазы филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 2 курс студенті Талапов Шерхан, «Ана тілдің мерейі» прозалық шығармалар байқауының жеңімпазы филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті Тұрапқалиева Дина, «Ана тілдің мерейі» поэзиялық шығармалар байқауының жеңімпазы филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті Жұмалиев Абылай, «Шешендік өнер – тіл байлығы» сайысында ерекше тапқырлық және алғырлық көрсеткені үшін филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті Әсімхан Бекжан, «Қалам қуатың қалай, жас талап?» байқауының жеңімпазы шығыстану факультетінің 3 курс студенті Қайрат Жадыра, «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенті Қонысбек Еламан, шығыстану факультетінің 3 курс студенті Мұхаметжанова Әсел, шығыстану факультетінің 3 курс студенті Жамалова Айгүл, шығыстану факультетінің 2 курс студенті Әзизова Ақбота, «шығыстану факультетінің 2 курс студенті Чурсин Михайл, «Мұқағали оқулары» байқауының жеңімпазы халықаралық қатынастар факультетінің 3 курс студенті Юрченко Александра, «Ахмет Байтұрсынов оқулары» байқауының жеңімпазы журналистика факультетінің 1 курс студенті Сапарбаева Әсел, «Ана тілің- арың бұл» байқауының жеңімпазы биология және биотехнология факультетінің 2 курс студенті Никанорова Оксана, «Өзге тілдің бәрін біл...» поэзиялық байқауының жеңімпазы журналистика факультетінің 3-курс студенті Көлібаев Нұрболат, «Ең бірінші бақытым-тілім менің!» поэзиялық байқаудың жеңімпазы заң факультетінің 2-курс студенті Серікжанова Айгерім, «Қалауым - қазақ тілі» байқауының жеңімпазы заң факультетінің 2-курс студенті Мырзалиев Бақдәулет, «Тіл өнері» байқауының жеңімпаздары филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 2-курс студенттерінен құрылған «COM.KZ» тобы, «Фестиваль языков – триединство языков»байқауының жеңімпазы филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті Макитова Асель, Департамент қызметкерлері арасындағы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауының жеңімпазы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің «Қазына» тобы, «Brighten your corner» шығармалар байқауының жеңімпазы, биология және биотехнология факультетінің 1 курс магистранты Аминова Зарина.

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.

Қазағымның көктен күліп ай-күні,

Болашақтың кеңи берсін айдыны.

Көк аспанда көк жалауы желбіреп,

Ана тілдің асқақтасын айбыны!

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент