Профессор Қ.Жұмағұлов Садықов оқулары аясында конференцияға қатысты

28.09.2012

Көрулер: 2484

Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткізілген «Садықов оқулары» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің кафедра меңгерушісі, Гёттинген университетінің Құрметті профессоры Қ.Жұмағұлов «Тарих және тұлғалар: Аттила мен Рим Папасы Лев І» атты пленарлық баяндасымен сөз сөйледі.

Конференцияның тақырыптық ауқымы қазіргі кезеңдегі жоғарғы білім саласын реформалау және Академик Т.С. Садықовтың қазіргі жоғарғы мектептің дамуындағы үлесі, Қазақстандағы педагогикалық білімнің тарихы, тарихи білімнің деңгейі және жастарды париоттық тәрбиелеуді арттыру жолдарының өзекті мәселелерін қамтиды. Оның жұмысында алыс және жақын шет мемлекеттердің ғалымдары қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі