17 қазанда «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты конференция өтеді

04.10.2012

Көрулер: 2609

17 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіледі. Конференция «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі: әлеуметтік-философиялық талдау» атты ҚР БҒМ іргелі зерттеулері жобасы аясында өткізіледі.


Конференцияға Қазақстанның белгілі ғалымдары мен жақын және алыс шетелдерден қонақтар қатысады.

Философия және саясаттану факультеті

Философия кафедрасы