ҚазҰУ-дың «Парасат» және «Сұңқар» кәсіподағы қызметкерлеріне Еуразиялық университет кәсіподақ ұйымдарының ассоциациясына мүше ету жөнінде Куәлік берілді

21.09.2012

Көрулер: 2491

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде 12-14 қыркүйек аралығында Еуразиялық университет кәсіподақ ұйымдарының ассоциациясының XXV съезі өтті. Оған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының төраға орынбасары О.П. Ложникова және «Сұңқар» студенттер кәсіподағы төрайымы Ә.М. Қарақожаева, төрайым орынбасары Ш.М. Тленшиева қатысты.

Съезде әлем елдеріндегі кәсіподақ жұмысының деңгейі, жаһандану үдерісіндегі кәсіподақтың рөлі қарастырылды.

Съезд нәтижесі бойынша Қазақ ұлттық университетінің «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы және «Сұңқар» студенттер кәсіподағына Еуразиялық университет кәсіподақ ұйымдарының ассоциациясына мүше ету жөнінде Куәлік берілді. Сонымен қатар, Қарақожаева Ә.М. 2013 жылы Минскте өтетін ассоциацияның ХХVI съезінің президиум мүшесі болып бекітілді.