Цукобо университетінің өкілдерімен кездесу өтті

21.09.2012

Көрулер: 1765

Жапонияның Токио қаласы маңында орналасқан Цукуба университеті өзінің әсем табиғатымен ерекшеленеді. Мұнда білім алуға келген шетел азаматтарының саны бойынша,аталған университет басқа мемлекеттік ЖОО-лармен салыстырғанда, екінші орында. Цукуба университетінің тарихы 135 жылдан бұрын басталады. Мұнда сабақ ағылшын тілінде оқытылады.

Осы оқу орнына университет атынан немесе Жапон үкіметі бөлген стипендиямен немесе «Болашақ» бағдарламасы арқылы түсуге болады. Сонымен қатар жастардың өз қаржысымен оқуға түсуіне де жағдай жасалған. Магистранттарға арналған бағдарлама Орта Азия аймағындағы елдердің білім беру бағдарламасына негізделіп жасалған.

Білім мен зерттеу ең негізгі мақсатымыз деп санайтын белді оқу ордасының профессорлары 19 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультетінің Ғылыми кеңес залына арнайы келді. Жапонияның Цукуба университеті, Медицина факультетінің профессорлары Акура Щубия мен Казуа Марикобамен кездесу факульеттің бакалавриат, магистрант, докторанттары және факультет декандары, орынбасарлары және ұстаздары арасында өтті.

Жапониядағы алдыңғы қатарлы университеттің бірі болып отырған Цукобо университетінің ғылыми зерттеу жұмыстары, сонымен қатар оқу және ғылыми жұмыстар арасындағы байланыстар туралы әңгіме студенттерге үлкен мағына берді. Кездесу барысында факультет студенттері ағылшын тілінде сұрақтар қойып, жауаптар алды. Және Жапониялық профессорлар біздің университтің биология және биотехнология факультетінің студенттерін өздерінде оқуға шақыратындығын кездесу барысында айтты.