ҚАУ-да өткен конференцияға профессор Қ.Жұмағұлов қатысты

13.09.2012

Көрулер: 2305

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі, Гёттинген университетінің Құрметті профессоры Қалқаман Жұмағұлов Қазақ-Америка университетінде өткізілген Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Қазақстан мен Германияның ғылым мен білім саласындағы интеграциялануының кейбір қырлары» атты пленарлық бандамасымен сөз сөйледі.

ҚАУ-дың 15 жылдық мерейтойына арналған конференция «Қазақстан, АҚШ және Еуропа елдерінің жаһандық дүниенің мәселелеріне қарсы білім жүйелерін жақындастыру мен үндестіру процестері» тақырыбында өтті. Оның жұмысында алыс және жақын шет мемлекеттердің ғалымдары қатысты.