«Қала күні» мерекесіне арналған велошеру өтеді

13.09.2012

Көрулер: 2415

2012 жылдың 16 қыркүйегінде «Қала күні» мерекесіне арналған велошеру өткізіледі. Велошеруге қала әкімі – Ахметжан Есімов және 30-шы олимпиада ойындарының олимпиада чемпионы – Александр Винокуров қатысады. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларын, қызметкерлерін және студенттерін арнайы қала күні қарсаңында өткізіліп отырған велошеруге белсенді қатысуға шақырамыз!

Университеттік велошеруді ректор Ғалым Мұтанов, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы – Виталий Сальников, дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Анатолий Арещенко бастайды.

Веложарыс қорытындысы бойынша «Ең белсенді ЖОО» номинациасына марапаттау өткізіледі.

Велошеру әл-Фараби мен Достық даңғ. қиылысында сағат 8:00-де жиналады, басталуы сағат 8:30-да, мәре Мемлекеттік цирк ғимаратына жетеді.

Өз университетіңді қолда!

Қосымша ақпаратты 267-25-06 телефоны арқылы алуға алады