Мансапты әрбір қадаммен жоспарлау

14.09.2012

Көрулер: 2461

Құрметті студенттер! Мансап орталығы және Лондондық ашық білім алу Академиясы сіздерді «Табысты жастар - 2012-2013» жобасына қатысуға шақырады. Сонымен қатар 22 қыркүйекте 2012 ж. сағ. 14:30 механика-математика факультетінің Сары залында өтетін «Мансапты әрбір қадаммен жоспарлау» атты ақысыз семинарға қатысуға шақырамыз. Бизнес-тренер - Ұлыбритания эксперті Билдж мырза. Тренинг ағылшын тілінде аудармамен бірге өтеді.

Берілген жобаға қатысу студенттердің әлеуметтік дағдысын дамытып, мансапты жоспарлаудағы негізгі ережелерімен таныстырады.

Өздеріңізбен бірге түйіндемелеріңізді алып келіңіздер.

Семинарға жазылу үшін, мына телефонға хабарласыңыз +7701788 7257, Мырзабай Тасшабаев немесе түйіндемеңізбен байланыс мәліметтерін мына поштаға жіберіңіздер: idealondonacademy@gmail.com.

Мансап орталығы