ҚазҰУ-да 2012-2013 жылдарға арналған ғылыми зерттеу жұмыстарына берілетін Еуропалық Одақтың гранттары жайында семинар өтті

10.09.2012

Көрулер: 2463

10 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Ғылымды дамыту және технологиясының жетінші шекті бағдарламасының үйлестірушісі (FP7) Камила Мағзиева ғылым саласы бойынша грант алу ережелерімен, технологиясымен және инновация туралы Еуропалық Одақтың Жетінші шекті бағдарламасы бойынша семинар өткізді.


FР7 әлемдегі ең ірі компания болып табылады. Ол Еуропалық ғылымды дамытуға бағытталған және Еуропалық Одақтың білім бері ісі мен ғылым интеграциясындағы барлық бастамаларды біріктіреді. FР7 қатысушылардың ауқымын кеңейтілген көлемде қарастырады: университеттерден үкіметтік ұйымдар арқылы кіші кәсіпкерлік және дамушы елдердің жеке дара ғалымдарында қарастырады. Бағдарламаның бюджеті 5,3 миллиард евродан асады. Оның көптеген бөлігі халықаралық ғылыми әріптестікті қолдауға бөлінеді. Ең аз қаржыландырылатын грант 1 миллион евроны құрайды. Қазақстандық ғалымдарың бағдарлама байқауларына қатысып бар және жекелеген стипендия мен зерттеу гранттарын иеленуге зор мүмкіндіктері бар.

«10 жыл бұрын, 2002 жылы 3 қыркүйекте Қазақстанның аса ірі ғалымдары – ҚР ҰҒА академигі Салық Зиманов, ҚазКСР ҒА академигі Саим Балмұханов, ҚР ҰҒА академигі Иса Байтулин, ҚазКСР ҒА академигі Өмірзақ Сұлтанғазин, ҚР ҰҒА академигі Айтжан Абдулин, ҚР ҰҒА академигі Ізтілеу Әбуғалиев және FP5 ұлттық үйлестіруші ретінде мен, InExCB-KZ Қазақстандағы ғылыми зерттеу жұмыстарын қолдау Тәуелсіз Сарапшы-Кеңесші кеңес құрды. Сол арқылы Қазақстандағы ғылыми жобаларға жаңа өмір, жолдама берді», - дейді Камила Мағзиева.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Қазақстандағы ғылым жүйесінде республика деңгейінде ерекше орынға ие жетекші оқу орындарының бірі, бүгінде зерттеу университеті болуға бағыт алып отыр. InExCB-KZ-пен тұрақты әріптес бола отырып, ҚазҰУ республикамыздың Еуропалық ғылым кеңістігінде дами түсуіне ықпал етеді.

2012 жылдың 10 шілдесінде FР7 жаңа байқауларын жариялады: денсаулық сақтау, аграрлық зерттеу, тағамтану азық-түлігі, биотехнология, ақпараттық жүйелер, нано технология және материалдар, энергентика, қоршаған орта, көлік, ғарыш, қауіпіздік, әлеуметтік және гуманитарлы ғылым.

Еуропалық Одақтың Ғылымды дамыту және технология Жетінші шекті бағдарламасында (FР7) ҚазҰУ ғалымдары, ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкерлері және Алматы қаласы жоғары оқу орындарынан да келіп қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі