Тренинг - семинар «Эльзивер баспасың дерек қоры»

28.08.2012

Көрулер: 2649

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі депертаментімен бірлесе отырып Эльзивер баспасының: «Science Direct, Scopus дерек қорларын ғылым және білім жүйесінде қолдану» атты тренинг-семинар өткізеді. Тренинг-семинарды Эльзивер баспасының Орталық Азияның аймақтық менеджері Гамзи Кескин (аудармамен) өткізеді.

Тренинг-семинар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті, химия факультетінің үлкен (малахит) залында өтеді.

Өтетін күні: 29 тамыз 2012 жыл.

Өтетін уақыты: 14.30-17.30 сағ.

Тренинг-семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамына, докторанттарға, магистранттарға ұсынылады.