27 тамызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамының тамыздық кеңесі өтеді

23.08.2012

Көрулер: 2075

27 тамыз күні сағ. 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында оқытушы-профессорлар құрамының жыл сайынғы дәстүрлі тамыздық кеңесі өтеді.


Кеңеске 1500-ден астам оқытушылар қатысады. Кеңесте жоғары оқу орынының оқу-білім, ғылыми-инновациялық және тәрбиелік қызметтері талқыланатын болады. Сонымен қатар, жиналыс барысына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадамы» атты бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары және 2011-2020 жылдарға арналған білім алуды жетілдіру туралы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, білім алу мен ғылымды біріктіру мәселелері, инновациялық қызметтің болашағы және орта, жоғары білім берудің өзара қатынасы талқыланатын болады.

Тіркелу - сағат 10:00-да.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент