«Ақылды ойын» бағдарламасына қатыс!

13.08.2012

Көрулер: 2233

Қазақстанда алғаш рет студенттерге арналған жаңа интеллектуалды телевизиондық жоба іске асуда. Жобаның негізгі мақсаты: дарынды жастарға қолдау көрсетіп, олардың өзін өзі қалыптастыруын жүзеге асыруына, қабілетіне қарай профессионалдылығын анықтауына, қаржы және экономика саласында жақсы профессионалды білім және тәжірибе алуына көмектеседі. Бұл бағдарламада жеңілгендер жоқ, өйткені әр адам ұмытылмас тәжірибе алып ғана қоймай, еліміздің жетекші мамандарының кеңесін тыңдап шығады.

Бағдарламаның негізгі сыйлығы – Қазақстан Ұлттық банкінде магистратураны ақысыз оқу. Жартылай финал мен финалға шыққан студенттерді де көптеген сыйлықтар күтуде.

Байқауға қатысу үшін анкета мен тес және бизнес жобаны 20 тамызға дейін мына мекен-жайға жібере аласыздар elmira.galimova.btv@mail.ru. Жобаға кез-келген мамандық бойынша 1-4 курс (бакалавр) студенттері қатыса алады. Толықтай ақпаратты мына телефондар біле аласыздар: 8 (727) 274 78 64 немесе 8 707 114 08 33. Ірітеу кезеңінен кейін жоғары оқу орнына сертификат, сонымен қатар әр студентке атаулы сертификат беріледі.

Жетекші сыйлықты ұтып алуға өз мүмкіндігіңізді жібермеңіз!

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі