ҚазҰУ-дың студенттік құрылыс жасақтары ҚР БжҒМ-нің дипломымен мараппатталды

15.08.2012

Көрулер: 2751

М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Алматы қаласының құрылыс компаниялар басшылары төл мерекелері құрылысшылар күніне орай бас қосты. Шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысып, үздік шыққан құрлыс компанияларының басшыларын марапаттады. Қала әкімінің құрылыс саласы бойынша есебі тыңдалды. Кеш соңы мерекелік концертпен аяқталды.

Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар БоқаевСтуденттік құрылыс жасақтарында үздік шыққан ЖОО әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Студенттік құрылыс жасақтары штабының бастығы Ж.Б. Есенбек пен Студенттік құрылыс жасақтары штабының командирі С.К. Джолдасбаевты алғыс хатпен мараппаттады.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым вице-министрі М. Сарыбеков пен Студенттік құрылыс және еңбек жасақтары республикалық штабы жетекшісі Ә.Хайрулин жариялаған алғыс хатта «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарына жан-жақты қолдау көрсетіп, жастардың еңбек маусымын ұйымдастыруға атсалысқаны үшін алғыс білдіреміз!» - деп көрсеткен.

ҚазҰУ Баспасөз қызметі