Бірінші курс студенттерінің назарына! Бағыт аптасы басталады!

21.08.2012

Көрулер: 2683

Құрметті бірінші курс студенттері! Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті студенттер қатарына қосылғаныңызбен құттықтаймыз! Сіздер дұрыс таңдау жасадыңыздар!


Осыған орай сіздерді университетпен және академиялық ережелермен жақын таныстыра кету үшін сіздерге арнайы бағыт аптасы ұйымдастырылуда. Барлық бірінші курс студенттеріне, 27 тамыз күні сағ: 11:00 факультет деканаттарында бағыт аптасы жайлы жеке кеңес алу, сонымен қатар «Универ» жүйесінде тіркелу, шет тілдерінде тест тапсып, студенттік ID алу үшін мүмкіндігіңіз бар. Бағыт аптасының бағдарламасын көру үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз http://www.kaznu.kz/ru/10231/news/one/4412/.

Мансап және бизнес орталығы