2012 жылғы Студенттік құрылыс жасақтары

08.08.2012

Көрулер: 1752

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауын және Алматы қаласы Әкімдігінің 2005ж. 17 маусымдағы № 3/358 «Алматы қаласы студенттік құрылыс жасақтарының штабы туралы» қаулысын орындау мақсатымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биылғы жылы студенттік құрылыс жасақтары құрылды.

Жазғы жұмыс маусымы 1-маусым мен 25-тамыз аралығын қамтыды.

2012 жылы жаз маусымында Студенттік құрылыс жасақтары штабы құрамына жұмысқа үміткерлер өте көп өтініш білдіргендіктен студенттер «байқау» негізінде таңдап алынды. Байқау қорытындысын «Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті», «Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдары» мен «Студенттік құрылыс жасақтары» штабы шығарды. Байқау жұмысында 1-ші кезекте оқуда үздік, әлеуметтік жағдайы төмен және қоғамдық шараларға белсенді қатысатын 130 үздік студент таңдап алынды. Оның 95–ұл, 35–қыз бала. СҚЖ-ның 130 жауынгері университет тарапынан үш уақыт тегін тамақпен, арнайы формамен қамтамасыз етіліп, жатақханада тегін тұрды. СҚЖ студентінің айлық жалақысы орта есеппен 35000 теңгені құрады.

Студенттік құрылыс жасақтары бірнеше бағыт бойынша өндірістік департамент қызметкерлерімен бірігіп жұмыс атқарды. ҚазҰУ қалашығы аумағын тазарту, абаттандыру жұмыстары, оқу ғимарттары мен 12 жатақханада ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қатар оқу ғимараттарында, орталық қоймада, жаңа салынып жатқан кітапханаға факультеттерден (экономика, заң, тарих, филология, журналистика) 1 млн. кітап көшірілді. Сондай-ақ ректор ғимаратына құрылыс жұмыстарымен қатар тағы басқа да көптеген қызметтер атқарылды.

Елбасымыз айтқан «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деген сөзі бүгінгі таңдағы жастар соның ішінде студенттік құрылыс жасағында жұмыс жасаған әрбір студентке арналғандай. Студенттік құрылыс жасақтарындағы студенттер толағай табысты жұмыс атқара алды деп кәміл сеніммен айта аламыз. Студенттерге осындай жағдай жасап, қолдау көрсеткен университетімізге, ректорымыз Ғ.М. Мұтанұлына алғысымыз зор.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі