ҚазҰУ студенттері Олимпиада чемпионы Светлана Подобедованы қарсы алды

08.08.2012

Көрулер: 2403

Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары Светлана Подобедова, Майа Манеза, Зулфия Чиншанлоны Алматы ерекше қарсы алды.

Қолына гүлден бөлек, ірі алма ұстаған Светланаға баспасөз жиынында барлығы ерекше назар аударды. Неге қолыңда алма?- деген қызық сұраққа Светлана өзі оқитын төл университеттің, яғни Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттері ұсынғанын айтты. Сондай-ақ олимпиада чемпионы дәмді сыйлықты алудың өзі таңғаларлық және сүйсінерлік деп атап өтті.

Физикалық тәрбие және спорт кафедрасының меңгерушісі Анатолия Арещенконың бағынан терген алманы қазұулықтар чемпионға арнаған. «Дүниежүзілік ойындардың жеңімпаздарын қарсы алатын әдемі Алматы – алма қаласы және біздің студентімізге деген мақтанышымызды осындай сыйлықпен білдіргіміз келді. Аса ауыр сайыстан соң Светланаға дәрумендер өте қажет. Сондықтан біз ең ірі және піскен деген алманы таңдадық. Алманың бұл түрі ерекше дәмінің құнарлығымен атақты Алматының апортына жақын. Университетіміздің биолог-ғалымдары өсімдікті сұрыптауда маған көмектеседі деді»,- А.Арещенко өз сөзінде.

Светлана және оның әріптестерін құшақ-құшақ гүл және зор қуанышпен қарсы алған университет студенттері мен оқытушылары Олимпиада чемпионымен жақын араласып, қолжазба алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ ҚазҰУ-дың түлегі саналатын бокстан 2000 жылғы олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов те спортшыларды құттықтауға келді. Жақын арада alma mater аясында құрмет көрсету үшін университет ұжымы чемпионды арнайы шақырады.

Бүгінде С.Подобедова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенті. Лондон олимпиадасында жеңіс тұғырынан көріне салысымен ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов ауыратлетке бірден құттықтау жеделхат жолдады. «Бүкіл университет сіздің жеңетініңізге сенді және ыстық ықыласпен жанкүйерлік танытты. Ректор сіз лайықты өнер көрсетіп, біздің үмітімізді ақтап, олимпиаданың жоғарғы сатылы тұғырына көтерілдіңіз»- деп атап өтті. Сондай-ақ Ғ.Мұтанов өз сөзінде Светлана оқудағыдай, олимпиадалық сессияны да «өте жақсыға» тапсырды. Бұл жастар мен студенттер үшін үлкен үлгі-өнеге деді.

Еске салар болсақ 3 тамызда 75 кг салмақ бойынша өнер көрсеткен С.Подобедова Олимпиада алтынын жеңіп алды. Олимпиада чемпионының жинаған жалпы жиынтығы 291 кг (130+161) құрады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі