Темпус IV жобалық ұсыныстардың V сайысының қортындысы жарияланды

07.08.2012

Көрулер: 2549

Қазақстан Орталық Азияда ең көп жоба санына ие болды, 8 жоба алды. Сайыс шеңберінде 21 қазақстандық жоғарғы оқу орындарының қатысуымен 8 жоба қаржыландырылады. Үш жаңа жобамен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көшбасшы болды:

  1. QUEECA - Quality of Engineering Education in Central Asia – Орталық Азиядағы инженерлік білім беру сапасы.

Координатор – Флоренция университеті, Италия

ҚазҰУ тарапынан өтінуші – Халықаралық ынтымақтастық департаменті

  1. Integrating Water Cycle Management: Building Capability, Capacity a

Су циклінің бірлескен басқармасы: мүмкіндікті құру, білім беру және бизнестегі мүмкіндік және ықпал

Координатор – Миддлсикс университеті, Ұлыбритания

ҚазҰУ тарапынан өтінуші – География және табиғатты қолдану факультетінің Энергоэкология кафедрасы

  1. QUADRIGA - Qualification Frameworks in Central Asia: Bologna-Based Principles аnd Regional Coordination.

Орталық Азиядағы біліктілік құрылымдары: болондық принциптер және аймақтық координация.

Координатор – Кобленц-Ландау университеті, Германия

ҚазҰУ тарапынан өтінуші – Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Қазіргі таңда университетімізде Темпус шеңберінде 6 жоба әрекет етуде. Және үш жаңа жоба, жалпы – тоғыз Темпус жобасы.