Студенттік турфирма тұсаукесерін өткізді

11.07.2012

Көрулер: 2513

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінде Бірінші Студенттік ТурФирма – «YouthTravel-дің» презентациясы өтті. Білімді де білікті студенттер өздерінің бірінші ТурФирмаларын ұсынды. Фирма негізінен студенттерге арналған, Қазақстан бойынша экскурсиялық және шет мемлекеттерге турларды ұсынатын болады.


Жобаның көздеп отырған мақсаты: ҚР ішкі туризмін дамыту; жастарға арналған қолжетімді турлар; ҚазҰУ студенттерінің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Презентацияға география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы г.ғ.д., профессор Сальников В. Г., деканның ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Тугельбаев С. С., рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Артемьев А. М. және кафедра оқытушылары қатысып, студенттердің жобаларын мақұлдап, ҚазҰУ-дың технопаркінің қарауына жіберілді.

«YouthTravel» фирмасы осы оқу жылы келесі турларды студенттерге ұсынатын болады: Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясы, Түрген шатқалы, Үлкен Алматы көлі, Шарын каньоны, Есік көлі, Тамғалы тас, Әнші құм және т.б.

Жобаны рекреациялық география және туризм кафедрасының 3курс студенті Абикеримов Алмасхан дайындады.

Толық ақпарат www.youthtravel.kz сайтында көрсетілген.