Д. Гамота (АҚШ) кездесу барысында өз тәжірибесімен бөлісті

10.07.2012

Көрулер: 2318

9 шілде күні Экономика және бизнес жоғары мектебінде АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің лекторы Джордж Гамота семинар өткізіп, университет қызметкерлерімен өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарды Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры Хайдар Тасыбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға қонақты таныстырып, салтанатты түрде кездесуді ашты.

Семинарға ғылыми зерттеу институттары мен мемлекеттік еншілес кәсіпорындар, факультет деканының ғылыми және халықаралық қатынастар бойынша орынбасарлары қатысып, университет қызметкерлері айтылған ой мен ұсыныстарды тыңдап, өз тараптарынан қосымша сұрақ қою түрінде екіжақты кездесу өтті.

Джордж Гамота америкалық университеттерде ғылыми-техникалық факультетке түсуші студенттерге жаңа идеямен келулері міндеттелгендей қарайтындығын, олар өз идеяларын жылдам іске асыруға асығатындығын айтып, бірнеше мысалдар келтірді. Бизнеске келгенде қандай кедергілер кездесетінін, шешу жолдары мен ынталандыру жолдарын қарастыру керектігіне тоқталып өтті. Университеттегі кездесуде профессор Джордж Гамота бизнесты тиімді дамытуда ЖОО рөліне ерекше назар аударып, бұл салада оқытушы-профессорлар тәжірибелі болуы тиістігін, университетішілік мәдениетінің осыған жол ашуы керектігін атап айтты. АҚШ-та университеттер көп, бірақ санаулысы ғана инновацияға қолдау көрсетуде екендігін мысалға келтірді.

ҚазҰУ қонағы жоғары технологиялық бизнес инкубаторларды тиімді дамытудағы өз тәжірибесімен бөлісіп, технологияларды коммерциализациялау және кәсіпкерліктің инновациялық жүйесінің тиімді орталықтарын ашу, инновациялық технопарк ұйымдастырып, басқару және т.б. сұрақтар мен тақырыптарды қарастырды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі