ҚазҰУ мен ММУ (Ресей) жеке пәндер бойынша әлемдік үздік 200 топ-университеттер тізіміне енді

04.07.2012

Көрулер: 2300

QS (Ұлыбритания) Халықаралық рейтингтік агенттігінің мәліметінше, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2011-2012 оқу жылында жеке пәндер бойынша әлемдік үздік 200 топ-университеттер тізіміне енді. Посткеңестік кеңістік бойынша мұндай нәтижеге тек екі оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М. Ломоносов атындағы ММУ ғана жеткенін ерекше атау керек.


Бүгінде ҚазҰУ ел Президентінің әлемдік топ-ЖОО рейтингісіне ену топсырмасына орай жұмыс атқаруда. Өткен оқу жылында университет QS рейтингісінде әлемдік 700 үздік университеттер арасында 200 сатыға жоғарылап 402 орынды бағындырып секіріс жасағандығын естеріңізге саламыз.

ҚазҰУ Баспасөз қызметі