6-8 шілде «Ыстық көл» спорттық-сауықтыру орталығында семинар өткізіледі

03.07.2012

Көрулер: 2545

2012 жылдың 6-8 шілде аралығында «Ыстық көл» спорттық-сауықтыру лагерінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы, университет қызметкерлері мен студенттеріне арнайы семинар-тренинг өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент, «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы. Басты тақырыптың бірі куратор-эдвайзерлерге арналған «Студенттердің шығармашылық потенциалын дамытудағы куратор-эдвайзерлердің рөлі» атты семинар-тренинг болмақ. Сауықтыру орталығында мұндай семинар өткізу арқылы студент пен оқытушы қарым-қатынасы мен дәріс берудегі жаңа әдіс-тәсілдер пайдаланудың тиімді тұстары мен жақсарта түсу жолдары айтылады. Сонымен қатар, «Астана күніне» орай ұйымдастырылған мерекелік кеш пен «Нептун» күні, «Күшті бастауыш ұйым - күшті кәсіподақ» кәсіподақ белсенділерінің жаздық мектебіде сонда ұйымдастырылмақ. ҚазҰУ Студенттер клубының өнерпаздары демалушыларға концерттік бағдарламаларын даярлауда.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі