Ирантану орталығы ашылады

31.05.2012

Көрулер: 2600

1-маусым күні 2012 жыл сағат 14.30 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде «Ирантану орталығының» ашылу салтанаты өтеді.


Ашылу салтанатында ҚазҰУ-дің ректоры, академик Ғ.Мұтанов, Ислам мәдениеті мен өркениеті ұйымының президенті доктор Мохаммад Багер Хоррамшад, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ғорбан Сейфи, студенттер атынан аймақтық парсы тілі мен әдебиеті олимпиадасының 2- орын иегері Қоңырбай Әділет құттықтап сөз сөйлейді.

ҚазҰУ-дің ректоры, академик Ғ.Мұтанов пен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ғорбан Сейфи орталықтың лентасын кеседі.

Ашылу салтанатына «Парсы тілі мен әдебиеті: өткені, бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушы ирандық 14 ғалым, алыс және жақын шетелдерден келетін 7 ғалым, университет басшылары мен танымал қазақстандық ғалымдар қатысады. Қонақтардың арасында сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрінің орынбасары, халықаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары доктор Фардж Аллаһ Талаби Атуи, Иранның парсы тілі мен әдебиетін дамыту орталығының директоры Саид Мохаммад Реза Дарбанди да бар.

Қарасай батыр көшесі, 95. 4-қабат, 422 ауд

Анықтама телефоны: 243-83-54.

Арабтану және ирантану кафедрасы