«Шексіз білім» атты ШЫҰ-ның мүше мемлекеттерінің V білім апталығы өтті

29.05.2012

Көрулер: 2338

Мәскеуде ШЫҰ университетінің бағыттары бойынша координатор жоғары оқу орындары мен ШЫҰ мүше мемлекеттердің білім басқармалары ұйымдарының өкілдері қатысуымен «Шексіз білім» атты ШЫҰ-ның мүше мемлекеттерінің V білім апталығы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экология, аймақтану, нанотехнология бағыттары бойынша басты базалық жоғары оқу орны. Форумда «ШЫҰ университетінің тәжірибелік жоба нәтижесі» жөнінде ШЫҰУ оқу орталығы директорының орынбасары Ж.Р. Тореғожина баяндама жасады.
Келісілген инновациялық білім бағдарламалары негізінде жоғары білікті мамандарды дайындауды жүзеге асыру нәтижесінде 2011-2012 оқу жылында бірінші рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 10 магистранты ШЫҰ университетінің дипломын және Халықаралық сертификат алады. Бұл біздің университетіміздің өміріндегі маңызды жаңалықтардың бірі.