Студенттердің сынақты сәтті тапсырып жатқандығы айтылды

28.05.2012

Көрулер: 1945

28 мамырдағы ректорат мәжілісінде жазғы емтихан сессиясының барысы туралы оқу жұмыс жөніндегі проректор Уәлихан Әбдібеков баяндама жасап, толық мәліметтер келтіріп, бакалавриат, магистратура және РһD докторантура бойынша – өткізілген емтихандардың қорытындылары мен алдағы қорғау жұмыстарына белгіленген мерзімі мен студенттердің жаз уақытында өндірістік-тәжірибелерін өтетін компаниялармен, жұмыс беруші мекемелерге де тоқталып өтті.

Баяндама соңында мәжіліс мүшелерінің қойылған сұрақтары мен ұсыныстарына жауап беріп, өз ұсыныстарымен бөлісті. «Жазғы сессиядағы көрсеткіштер жақсы. Дегенмен, әлі де жетілдіре түсер тұстар да бар. Студенттердің дайындығы қуантарлық көрсеткіштерге ие. Комиссия мүшелері де сессия қорытындыларын жоғары бағалауда. Барлық емтихан сұрақтары мен тапсырмалары уақытылы орындалды», - деді өз баяндамасы барысында проректор У.Әбдібеков.

Диссертациялық кеңестердің ашылуы туралы және PhD докторантурасын бітірушілерінің диссертацияларын қорғауға дайындығы жайында ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазанов өз баяндамасында кеңінен тоқталып, осы күнге дейінгі докторанттар дайындық, оқу үлгерімі нәтижесінің көрсеткіштерін келтірді. Диссертациялық қорғауға қойылатын талаптармен таныстырды.

Сонымен қатар, мәжілісте салтанатты түрде университет атынан Раушан Елемесұлы Елемесовтің 70-жасқа толуымен құттықтап, «Әл-Фараби» күміс төсбелгісімен марапатталды.

Ал Қазақстан Жазушылар одағы Зейнолла Қабдолов атындағы арнаулы шәкіртақы тағайындап, шәкіртақыны табыстау үшін Қазақстан жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай атындағы арнаулы шәкіртақыны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті Ерсін Оспанбек табыстады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі