Оқытушылар мен студенттер жетістіктері үшін марапатталды

28.05.2012

Көрулер: 1845

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 28 мамырдағы ректорат мәжілісінде әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Жаманбалаеваның құттықтауымен ҚР тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысы байқауының жеңімпаздары – химия және химиялық технология факультетінің PhD-докторанты Алмагүл Ментбаева және осы факультет магистранты Гүлім Бердібек (ғылыми жетекшілері – физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессоры Әлия Оспанова) дипломмен және медальмен марапатталды.


Қалалық ұлттық дельфийлік ойындардың дипломдарымен келесі студенттер марапатталды: Кибар Ишигов, механика-математика факультетінің 1 курс студенті. «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясының 3-ші орын иегері Есет Зарғали, химия және химиялық технологиялар факультетінің 1-курс студенті. «Фортепиано» номинациясының 3-ші орын иегері Динара Қаракулова, экономика және бизнес жоғары мектебінің 2-курс студенті. «Фортепиано» номинациясының 1-ші орын иегері. «Самуан» би тобы, физика-техникалық факультетінің студенттері «Қазіргі заман биі» номинациясының 1-ші орын иегері. Сонымен қатар, қалалық «Жас Жұлдыз» байқауының «Авторлық ән» номинациясы бойынша 2-ші орын алғаны үшін механика-математика факультетінің 2 курс студенті Әсет Арыстанбек дипломмен марапатталып, Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігі мен Республикалық француз тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығы ұйымдастырған жыл сайынғы Франкофония мерекесі аясында студенттер жүлделі орындарға ие болды. Олар: «Шетелдік филология» мамандығының 2 курс студенті Әнзия Есмағамбетова– 1-ші орын («Аймақтық мозаика»); «Екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті Лидия Кошутская–декламация байқауында 1-ші орынды; «Екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті Жанна Верещак –Республикалық француз әні байқауында 3-ші орын; 3 курс студенті Карина Коваль – Жоғары оқу орындары арасындағы француз тілі бойынша лексика-грамматикалық олимпиадаға қатысып, 1-ші орын (В1, В2 деңгей) алғаны үшін; «Екі шет тілі» мамандығында оқитын студенттер тобы Республикалық байқауда француз тілі бойынша ең үздік білім көрсеткені үшін иеленді; сонымен қатар, жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Шолпан Мақатаева студенттерді француз тілін үйренуге белсене тартқаны үшін ҚР Франция елшілігі мен Республикалық француз тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығының грамотасымен марапатталды.

Университетте «Ең үздік студенттік топ-2012» байқауы өтті. 1-ші орынды тарих, археология және этнология факультетінің ТП91К тобы алды (топқа Астана қаласына үшкүндік саяхатқа жолдама берілді); 2-ші орынды философия және саясаттану факультеті психология мамандығының 3 курс тобы иеленді. (топқа университеттің Ыстықкөлдегі спорттық-сауықтыру кешеніне үшкүндік жолдама берілді); 3-ші орынды география және табиғатты пайдалану факультетінің ГК91 тобы және филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 тобы иеленді (топтарға Үлкен Алматы көліне біркүндік саяхатқа жолдама берілді); сондай-ақ, байқауға белсене қатысқаны үшін биология және биотехнология факультетінің Эко101 тобы мен заң факультеті заңтану мамандығының 203-тобы дипломмен марапатталды.

Құттықтаймыз!