26 мамырда дәстүрлі «ҚазҰУ түлектерінің күні» тойланады

24.05.2012

Көрулер: 3137

26 мамыр 2012 жыл сағат 11.00 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚазҰУ Түлектерінің күні» өтеді. Жыл сайын «ҚазҰУ Түлектерінің күні» мамыр айының соңғы сенбісінде тойланады. Биыл дәстүрге айналып отырған ҚазҰУ түлектерінің күні – 26 мамырға сәйкес келіп отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстанның білім беру ісіндегі жетекші оқу орны болып табылады. Университет жоғары дәрежелі мамандарын және танымал түлектерін мақтан тұтады. Сондықтан да осы күні ҚазҰУ барлық түлектерді жинап, университетт қабырғасында мерекені бірге тойлауға шақырады.

Мерекелік іс-шара әл-Фараби және Ө.А. Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен басталып, арнайы ашылу салтанатын көруге барлық түлектер, қонақтар, оқытушылар мен студенттер Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайына барады.

Құттықтау сөзімен ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов сөз сөйлейді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚазҰУ түлектер қауымдастығы өз қызметінің тұсаукесерін жасап, үздік түлектерді марапаттайды. Сондай-ақ, оларды атақты «Дос-Мұқасан» вокалдық ансамблі құттықтайды.

ҚазҰУ-дан түлектері университеттің 75-жылдығына арнайы ашылған, ҚазҰУ-дың жаңа музейімен танысады. Соңынан бағдарламаға сәйкес оларды факульттеттерде кездесулер күтеді.

18.00-22.00 сағат аралығында ректорат алдындағы алаңда алғаш рет «Түлектер кеші» өткелі отыр. Қонақтар мен қатысушыларды университеттің көркемөнерпаздар ұжымы мен «Ұлытау» этно-рок тобы және қазақстандық эстрада жұлдыздарының құттықтаулары мен концерті күтуде.

Әр жылдағы университет түлектерін және 2012 жылы ҚазҰУ-ды тәмамдағалы отырған түлектерді белсенді түрде осы шараға қатысуға шақырамыз. Біз сіздерді 26 мамырда ҚазҰУ қалашығында күтеміз

Әл-Фараби атындағы Тәрбие ісі жөніндегі департаменті,

Түлектер қауымдастығы