Кәріс тілінде студенттік шығармалар сайысы

22.05.2012

Көрулер: 3174

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті кәрістану-жапонтану кафедрасы және Халықаралық кәрістану орталығы, Кәріс мәдениет хабарласу Қаумдыстығымен (Корея Республикасы) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасымен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 20 жыл және Қазақстанда кәрістердің мекендеуінің 75 жылдығына орай кәріс тілінде студенттік шығармалар сайысы өткізілді.

Кәріс тілінде студенттік шығармалар сайысын өткізудің саяси, мәдени, ағартушылық мәні бар. Орта Азия мемлекеттерінің ЖОО студенттері сайысқа қатысу арқылы өз біліміне деген сенімдерін, кәріс тілінде әдеби тілде мәнерлеп сөйлеуді, өз ойларын еркін жеткізуді дамытады.

Қатысушы өз тақырыбының тематикасын жете меңгеруі тиіс, сондықтан студенттер Күн шығыс елінің қазіргі заманғы, сонымен қатар өткен тарихын, саясатын, мәдениетін, дінін, салт-дәстүрін оқуға талпынады.

Студенттік шығармалар сайысы кәріс бөлімінің студенттерінің күнделікті өмірінде, сабақ барысында, баяндама, реферат жазып, қорғау кезінде қажеттілік тудырып, қолданыс аясын кеңейтеді.

Сайысты өткізу кәріс тілін оқыту және оқу деңгейін көтеруді, бұл сайы кәріс тілінің елімізде кең таралуына және Қазақстанның Корея Республикасы мен Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайтуға қосар үлесі мол. Сайыстың жүлделі орындарды алғандар:

1-орын – Тойназарова Әйгерім, 4 к. (ҚазҰУ)

2-орын – Бәкібаева Алина, 4 к. (ҚазҰУ)

2-орын – Цой Ангелина, 11 сынып, №39 мектеп (Тараз қ.)

3- орын – Нагай Юлия 5 к. (БГУ)

3- орын – Қалдыбаева Гүлсая, 4 к. (ҚазҰУ)

3-орын – Төлебаева Айжан, 2 к. (ҚазҰУ)

3-орын – Тин Анастасия, 1 к. (ҚазҰУ)

Сайыс женімпаздары алғыс хаттармен және ақшалы сыйлықтармен марапатталды.

Шығыстану факультеті

кәрістану-жапонтану кафедрасы