Білім мен педагогикалық қызметтің тарихы кезеңдері қаралады

22.05.2012

Көрулер: 2559

2012 жыл 29 мамыр сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде профессор Ж.Р.Бәшірованың 70-жасқа толуына байланысты «Жоғары білім және педагогикалық қызмет: тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері» тақырыбында өтетін дөңгелек үстел өтеді.


Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: көрнекті профессор Ж.Р.Бәшірованың мерейтойының қарсаңында ҚР жиырма жыл ішіндегі жоғары білім мен педагогикалық қызметтің қорытындысы көрсетіледі, тәуелсіз Қазақстан кезіндегі жоғары білімнің басым бағыттары мен дамуына, қол жеткен жетістіктеріне талдау жасалады.

Дөңгелек үстелде көптеген кең көлемдегі мәселелер қарастырылады, соның ішінде: Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі дамуының тұжырымдамалық негізі, Қазақстан қоғамының модернизациясы жағдайындағы педагогикалық білім беру мәселесі, қазіргі кездегі тұжырымдамалар және педагогикалық қызметті жаңарту жолдары педагогикалық қызметтегі инновациялық технологиялар, қазіргі кездегі педагогика ғылымы мен практикасының өзекті мәселелері.

Үздік баяндамалар дөңгелек үстелдің қортындысы бойынша «ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналында жарияланады деп жоспарлануда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

философия және саясаттану факультеті

жалпы және этникалық педагогика кафедрасы