Үстел теннисінен жүйріктер жарысы анықталды

22.05.2012

Көрулер: 1875

«Сұңқар» кубогы үшін №17 жатақханада үстел теннисінен факультетаралық жарыс өтті. Жарысты «Сұңқар» Жоғарғы Студенттер Ұйымы демеушілік жасауымен «Дода» Филология факультетінің спорт клубы ұйымдастырды. Жарыс студент жастарды спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылды.

Жарысқа Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінен екі команда және де биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану факультеті, журналистика факультеті, тарих, арехеология және этнология факультеті, заң факультеті, механика-матиматика факультеті, физика-техникалық факультетінен барлығы 9 команда қатысты. Командалық сайыстан 1-орынды Филология, Әдебиеттану және Әлем тілдері факультетінің бірінші командасы алды, 2-орынды Биология факультеті, 3-орынды Филология, Әдебиеттану және Әлем тілдері факультетінің екінші командасы алды. Жекелей сайыс бойынша 1-орынды Филология, Әдебиеттану және Әлем тілдері факультетінің 2-курс студенті Баратов Шерзод, 2-орынды Биология факультетінің студенті Тронин Алексей, 3-орынды Биология факультетінің студенті Бабасов Әсет алды. Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз! Жеңімпаздар кубокпен және медаль, сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды. ҚазҰУ қалашығында үстел теннисінен ҚазҰУ ашық лигасы ашылды. Бұл лиганың ұйымдастырушысы және жетекшісі Баратов Шерзод болды.

«Дода» спорт клубы