«Сөзді сүю» атты шеберлік сыныбы өтеді

18.05.2012

Көрулер: 2637

19 мамыр сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ақын-дипломат, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілі Сүлейменов Олжас Омарұлы студенттермен, оқытушылармен және лингвистермен кәсіби кездесу өткізеді. Кәсіби кездесу барысында қоғам қайраткерінің «Сөзді сүю» («Любить слово») атты шеберлік сыныбы өтеді.

Шеберлік сыныпқа филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің оқытушылары, студенттері және басқа да факультеттің білімгерлері қатысады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі