Университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерінің назарына!

18.05.2012

Көрулер: 2210

21 мамыр, сағ. 10.00-де Механико-математика факультетінің қызыл залында өтетін Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ шәкіртақысының брифингісіне қатысуларыңызды шақырады.

Сонымен қатар, аталмыш шара барысында мемлекеттік ғылыми орталықтардың, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлеріне осы бағдарлама аясында ғылыми өтілімнен өту мүмкіндіктері жайында егжей-тегжейлі мәлімет беріледі. Ақпараттық бөлімінің аяқталысымен, тыңдаушылар қызықтырған сауалдарын қойып, шәкіртақылық бағдарлама туралы жан-жақты мағлұмат алуларына болады. Сонымен қатар, брифинг барысында 21 маусым мен 23 маусым аралығында «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау жүргізіледі.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті