Екі елдің докторанттары мен магистранттарды кездесті

16.05.2012

Көрулер: 2543

11 мамырда Американ және демократиялық зерттеулер ресурстық орталығында Әскери Колледж тыңдаушылары (АҚШ, Вашингтон) мен халықаралық қатынастар факультетінің докторанттары мен магистранттары арасында кездесу өтті. Кездесу «презентация-талқылау» форматында өткізілді.


Онда докторанттар мен магистранттар келесідей тақырыптар бойынша Қазақстан жайлы таныстыру презентацияларын жүргізді: Қазақстан тарихы; салт-дәстүр; ҚР сыртқы саясаты; демократизациялау саясаты; АҚШ пен ҚР арасындағы қарым-қатынас.

Презентациялар аяқталысымен Әскери Колледж тыңдаушылары сұрақтар қойып, ҚР сыртқы саясатының жеке аспектілері жөнінде жас ғалымдардың пікірлерін білуге қызығушылық танытты, сонымен қатар қазақ елінің тарихы мен дәстүріне қызығушылық білдірді.

Жалпы шара қызу талқы, үлкен қызығушылықпен өтті. Тыңдаушылар хабарландыратын презентациялар үшін алғыс айтып, жас ғалымдардың интеллектуалдық және маманданудың жоғары деңгейлерін атап өтті.