ҚазҰУ мен НР (Hewlett-Packard): әріптестік бағыты артуда

14.05.2012

Көрулер: 3526

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азиядағы НР компаниясының өз өкілдігін ашқан алғашқы университет болып отыр. НР әлемдік танымал компаниясы университет тарапымен заманауи ғылыми-оқу орталығын құру жөніндегі меморандумға қол қойды.


Университеттегі ғылыми-оқу орталығы «НР технология институты» бағдарламасы аясында іске қосылып, НР бағдарламалық жүйелері мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба НР бизнесін нарықта дамыту (Growth Market Organization) ұйымының және Орталық және Шығыс Европадағы НР басқармаларының қолдауына ие болып отыр.

Меморандумның салтанатты түрде қол қою рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Қазақстандағы НР-дің бас директоры Ерлан Дүйсенбин, Орталық және Шығыс Европадағы НР ғылыми-оқыту бағдарламаларының жетекшісі Игорь Белоусов, университеттің оқытушылары мен студенттері, IT-мамандар қатысты.

Ғылыми-оқу орталығының негізгі мақсаты НР ұсынатын бағдарламалар негізінде студенттер мен оқытушылардың заманауи бағдарламаларды меңгеріп, білімді арттыру.

«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – жаңа білім, идея мен технология түйісіп, дамып келе жатқан ірі ғылыми-оқыту және инновациялық орталық. Орталықтың ашылуымен біздің студенттеріміз НР білім беру қорын қолдануға, НР зерттеулерімен танысып отыруға мүмкіндік алып, ал оқытушыларға НР АТ (Ақпараттық технологиялар) бағдарламасы бойынша Еуропаның жетекші оқу орындарымен тәжірибе алмасуға жол ашады. Бұл университеттің, түлектеріміздің бәсекеге қабілеттігін арттырады түседі», - деді университет ректоры Ғалым Мұтанов.

Орталыққа жетекшілікті НР компаниясы тарапынан НР технология институты менеджері, университеттен – үлестіруші қызметімен атқарылады. Орталық негізінде студенттер, магистранттар және PhD-докторанттар, барлық факультеттердің оқытушылары өз білімдерін жетілдіре алады.

«НР компаниясы оқыту бағдарламаларын ұсынады, ол университет оқытушыларына бейімделген, факультеттегі лекцияларға қосымша арнайы курс түрінде және зертханалық-өндірістік жұмыстар арқылы жасалынатын болады. Сондай-ақ, бұл бағдарламалар оқытушыларды сертификаттау арқылы оқытушыларды қайта даярлау, біліктілікті арттыруда да қолданылады» - дейді өз сөзінде Қазақстан мен Қырғызстандағы НР өкілдігінің директоры Ерлан Дүйсенбин.

ҚазҰУ НР АТ бағдарламасы бойынша Орталық және Шығыс Европада елдеріндегі 25 жоғары оқу орындарының бірі атанды. Бағдарлама 2008 жылы арнайы ресейлік жоғары оқу орындарына жасалған, ал оның жетістігі мен бірегейлігі халықаралық деңгейге бір жыл көлемінде қызмет көрсетуімен-ақ дәлелдене түсті.

«НР АТ бағдарламасы көптеген ресейлік және европалық қатысушы-университеттер тарапынан өте жақсы пікірлерге ие бола отырып, НР компаниясы георгафиялық тұрғыдан бағдарламаларын кеңейтті. Соның бірі – Қазақстан болды», - деді Орталық және Шығыс Европадағы НР ғылыми-оқыту бағдарламаларының жетекшісі Игорь Белоусов.

Бағдарлама қатысушы-университеттер НР АТ қоғамдастығының ең ұтымды нәтижелері бойынша даярланған оқу құралдарымен арасында курс алмасуды қарастырады. Қосымша, бағдарлама аясында студенттер мен оқытушыларға НР АТ мамандарының, профессорларының лекциялары жоспарда бар.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі