Ең үздіктерге стипендия берілді

11.05.2012

Көрулер: 4321

Т.Дж. Пак атындағы ПОСКО қорының Болат құю комбинаты (Корей Республикасы) университетіміздің 20 студентіне шәкіртақы сертификатын табыс етті.


POSCO TJ Park Foundation Оңтүстік Корей компаниясының бас хатшысы Янг Джэ Вун және бағдарлама менеджері Ли Ханг Джун, Алматы қалалық ПОСКО компаниясы филиалының директоры Пак Кен Сик бастаған ресми делегациясы ең үздік студенттерге қор стипендияларын табыстады.

Янг Джэ Вун ПОСКО компаниясының қордың қолдауымен және нәтижелі қызметі, бағдарламалары туралы айтты. Сондай-ақ, 2005 жылғы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің түлегі Юлия Андреева, қордың арқасында Оңт.Кореяда жоғары оқу орынын тәмамдап, ПОСКО компаниясының қызметкері екендігін мысалға келтіре кетті. Бүгінде ҚазҰУ-дың бір студенті Кореяда білім алуда, ал бір профессорға қор 15 мың доллар көлемінде стипендия тағайындады.

«ҚазҰУ студенттері – Қазақстанның болашағы. Біз алдағы уақытта да үздік деген студенттерді Оңтүстік Кореяның ең мықты университеттерінде оқытуға дайынбыз», - деді Янг Джэ Вун.

ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев өзінің алғы сөзінде «Бүгінгі әлемдік экономика білімге негізделген. Біздің мемлекетіміз білім мен ғылымға мол қаржы бөлуде. ПОСКО қорының студенттерімізді қолдауы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің бір көрінісі. Бұл Қазақстанның болашағы, адам капиталына инвестия болып отыр», - дейді проректор.

Студенттер атынан Экономика және бизнес жоғары мектебінің екінші курс студенті Ақмарал Нарбай: «Біз елдегі жетекші университетте білім алудамыз. ПОСКО қорының стипендиялары біз үшін тосын сый болды және әрі қарай да білімімізді шыңдауға үлкен сенім дегім келеді. Осындай ілтипаттарыңызға ризашылығымызды білдіреміз, сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамыз», - деді.

2006 жылы қорда «Азия елдерінің үздік студенттеріне стипендия» атты жаңа бағдарлама ашылған болатын. Осының аясында Азияның 10 елінің 12 университет студенттеріне қаржылай көмек берілген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші болып қорменен әріптестік жөнінде меморандумға қол қойып, жыл сайын үздік студенттер арнайы стипендиямен марапатталатын болады.

Әлемдегі ірі металлургиялық және ПОСКО болат құйып шығару концерні 1968 жылы Т. Дж. Пак құрған. Қор әртүрлі ғылыми, мәдени және білім беру бағдарламаларымен қолдауымен қаржыландырылады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі