«Ешкімде, ешқашан да ұмытылмайды» атты әдеби-сазды кеш өтті

08.05.2012

Көрулер: 2122

Заң факультетінде Қазақстан Қарулы күштерінің құрылған күні мен Ұлы жеңіс күніне арналған «Ешкімде, ешқашан да ұмытылмайды» атты әдеби-сазды кеш өтті.


Заң факультетінің куратор-эдвайзері Урисбаева Айнұр Аманқұлқызы 102-топ студенттерінің ұйымдастыруымен 7-мамыр күні «Ешкімде, ешқашан да ұмытылмайды» атты ашық кураторлық әдеби-сазды ашық сабақ өткізді.

Мерекелік кешке қонақ ретінде ҚР ІІМ Ішкі Әскер №5572 бөлімінің аға-лейтенанты Асем Сүлейменова және Ауған соғысының ардагері, з.ғ.к., доцент Бахытжан Сман қатысты. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар. Оны жастарға ұғындыру, күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратынын, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет. Топ студенттері Ұлы Отан соғысының батыры Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі туралы театрландырылған қойылым қойып, соғыс жылдары түсірілген деректі фильмдерден үзінді көрсетті.