Оңтүстік астананың 19 ЖОО жастары қайырымды істе бірікті

07.05.2012

Көрулер: 2209

2012 жылдың 5 мамыр Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында Алматы қаласының 19 ЖОО студенттері балалар үйінің және мүмкіндігі шектеулі мектебінің балаларына арналған «Біз біргеміз!» атты ІІ қайырымдылық концертін өткізді.

Концертке эстрада жұлдыздары, үздік КВН командалары, өнерпаз жастар және балалар үйінің дарынды балалары қатысты. Кеш қонақтары ретінде ЖОО-ның проректорлары, балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балалар мектебінің шәкірттері қатысты. Концерттен түскен қаржыға аталған мектептер мен балалар үйінің оқушыларына қажетті заттарға жұмсалады. Абзал іске ат басын бұрып, қайырылымдыққа қолдау көрсететін қамқоршылар арта берсін!

Жастар ұйымдары комитеті