Студенттер «Біз таза ҚазҰУ үшін» акциясына атсалысты

07.05.2012

Көрулер: 1738

«Ең үздік топ» жарысының қатысушылары мамыр айының 5 күні екі сағат көлемінде «Біз таза ҚазҰУ үшін» атты акциясына белсенді қатысты.


«Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен акцияға 10 факультеттен құралған 205 студент қатысты. Ең басты талаптары топтың толық қатысуы, жұмыстың тазалығы нәтижелілігі және бірігіп атқарудың жаршысы болу. Айналамызды нұрландыру, тазалау әрбір адамзат баласының табиғат алдында борышы.

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы