Қайта қалпына келтіру ісіне үлес қосты

02.05.2012

Көрулер: 1756

2011 жылдың мамыр айында соққан қатты дауыл зардабынан өте көп шырша ағаштары сынып, құлап қалғаны бәріміздің есімізде. 2012 жылдың 28 сәуірінде "Медеу" шатқалында экологиялық акция бойынша Биология және биотехнология факультетінің студенттері мен оқытушылары 10-15 жылдық шырша көшеттерін отырғызды.

Бұл жұмысты ұйымдастырушылар – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті мен Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Көшетті отырғызылған жер – бөгеттен жоғары орналасқан Іле-Алатауының солтүстік беткейі. Айта кету керек, салқын және жауынды күнге қарамастан, акцияға қатысқан студенттер мен оқытушылар 37 шырша көшеттерін отырғызды.

Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағының "Ақсай" филиалы директорының орынбасары Шалқар Дауренбаев "Медеу" шатқалының қираған ландшафтын тезірек қалпына келтіру - мемлекеттік маңызды іс-шара екенін айта келіп, акцияға қатысқандарға үлкен ризашылығын білдірді.