Экология мәселесі басты назарда

03.05.2012

Көрулер: 2319

2012 жылдың 26 сәуірінде Биология және биотехнологии факультетінде "Алматы қаласының экологиялық мәселелері және табиғатты қорғау іс-шаралары" тақырыбына арналған семинар өтті. Ұйымдастырушылар - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті мен Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты.


Семинарда Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық жағдай бөлімінің бастығы Назия Аухинова баяндама жасап, келесі сұрақтар қарастырылды: - қаланың әуе бассейнінде зиянды заттар мөлшерінің азаюы; - Алматы қаласының инфрақұрылымын жетілдіру және көркемдету, жер ресурстарын орынды пайдалану; - жасыл қорды көбейту; - денсаулықты қорғау, қала тұрғындарының тіршілік деңгейін көтеру.

Табиғатты қорғау іс-шарасының бағдарламасы бойынша қала әкімшілігі атмосфералық ауаның ластануын соңғы екі жылда 12,9-дан 9,2 бірлікке дейін біртіндеп төмендетуін жүзеге асырды. Сонымен бірге, қаладағы жолаушылар автокөлігін газға ауыстырылу шаралары қабылданды, муниципалды автобус паркі ашылды. Жекеменшік сектор газдандырылып жатыр, оның деңгейі қазір 83%-ға жетті. Айта кету керек, біздің қаламыздың экологиялық мәселелері семинарға қатысушыларды ықылассыз қалдырған жоқ. Баяндамашыға өте көп сұрақтар қойылды және оларға барынша нақты жауаптар берілді.