Туризм бойынша I ЖОО арасындағы аймақтық олимпиада өтті.

02.05.2012

Көрулер: 2433

28 сәуір күні география және табиғатты пайдалану факультетінде Рекреациялық география және туризм кафедрасы «ЖасТур» Туризм және Спортты дамыту Клубының ұйымдастыруымен туризм мамандығы бойынша олимпиада болды. Олимпиада өте тартысты өтті.

Жалпы олимпиадада таныстыру; сұрақ-жауап; оқытушылар тарапынан бейне сұрақ; бейне ролик; «бұл қайда?» және практикалық сайыс түрлерімен өтті. Жалпы 10 команда қатысып, оның тоғызы Алматы қаласының университеттерінің командалары (ҚазҰУ-дың «USB» және «Эверест», ҚазЭУ-нің «Дәстүр», Шет тілдер және Іскерлік Карьера университетінің «Мастера», UIB университетінің «UIB Angels», Қазақ Спорт және Туризм академиясы, АТУ, АГТУ-дың командалары) және І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің командасы болды. Сайыстардың қорытындысы бойынша, 3 орынды - «UIB Angels», «Мастера» командасы, 2 орынды – «Дәстүр», «USB» командасы, 1 орынды – «Эверест» командасы алды. Олимпиадаға қатысып, орын алған командалар «ЖасТур» клубының атынан «Олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін» алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Ең креативті топ» номинациясына «UIB Angels» командасы, «Ең үздік капитан» номинациясына «Connect» командасының капитаны Елена Плотникова ие болды.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы

«ЖасТур»Туризм және Спортты дамыту Клубы